Биыл ақпанда Алексей Навальный адам құқықтары жөніндегі Женева форумының сыйлығын алған. Сол кезде ұйымдастырушылар бұл сыйлықты саясаткердің өзіне тапсырғысы келетінін, оны қамаудан босатпаса, онда Навальный отбасының бір өкілін саммитке шақыратынын айтқан.
Адам құқықтары жөніндегі Женева форумын үкіметтік емес 25 ұйым өткізеді. Биыл форумға Беларусь президенті сайлауына үміткер болған Светлана Тихановская, ресейлік оппозиционер Владимир Кара-Мурза қатысады.
Саясаткер Алексей Навальный Владимир облысының Покров қаласындағы №2 түзеу мекемесінде отыр. 2 ақпанда сот оны үш жарым жылға соттау туралы үкім шығарды. 21 сәуірде Ресейдің және әлемнің ондаған қаласында Навальныйды қолдау акциялары өтті.