Ссылки доступа

Тәжікстанның әскери прокуратурасы жауынгер өлімі бойынша тергеу ісін бастады


Тәжікстанның әскери прокуратурасы Таулы Бадахшан автономиялық облысындағы әскери бөлімде қаза болған жауынгердің өлімі бойынша тергеу ісін бастады.

Деваштич ауданының 19 жастағы тұрғыны Ражабали Назаровтың сүйегі туыстарына 21 сәуірде берілді. Былтыр күзде өз қалауымен әскерге кеткен жауынгер сәуірдің ортасында Восей ауданындағы әскери бөлімнен Мургаб ауданындағы әскери бөлімге ауыстырылған.

Ресми түрде Назаровтың өліміне бүйрек ауруы себеп болғаны хабарланған. Бірақ туыстары марқұмның денесіндегі көгерген дақтарды байқап, әскери прокуратураға арызданған.

XS
SM
MD
LG