Ссылки доступа

Ворухта екі жасөспірімді қырғыз шекарашылары қамап, қайта босатқаны хабарланды


Тәжікстанның Исфара қаласының билік өкілдері Ворух анклавында тұратын екі жеткіншекті қырғызстандық шекарашылар қамап, тергеуге алғанын мәлімдеді. Бұл туралы Азаттықтың тәжік қызметі хабарлады.

Мәліметке қарағанда, 8 сыныпта оқыған екі оқушыны 25 сәуірде мал жайып жүрген жерінен қырғыз шекарашылары ұстап, ұрып-соғып тергеуге алған.

Олар Исфараның жергілікті билігі мен тәжік шекарашыларының келіссөзінен кейін босатылғаны хабарлануда.

Әзірге бұл оқиға бойынша Қырғызстанның тиісті органдары түсініктеме бермеді.

Осыған дейін Ләйлек ауданында 19-21 жастағы жігіттер 24 сәуірге қараған түні жақын аймақта үй салып жатқан жерінен жоғалған. Екі азаматты 24 сәуірде кешкісін Тәжікстанның шекара қызметкерлері алып кеткені мәлім болған. Кейін екі тараптың келіссөздерінен кейін босатылған. Азаматтар қайтып келгеннен кейін, азаптауға алынғанын жергілікті журналистерге айтып берген.

Қырғызстанның екі азаматын ұрлауға байланысты сыртқы істер министрлігі Душанбеге нота жіберген.

XS
SM
MD
LG