Мекеме басшыларының айтуынша, әр айдың 25-де бөлінетін субсидияны балабақшалар UzASBO жүйсендегі қателікке байланысты алмаған. Балабақша басшылары азық-түлік жеткізушілерге ақша аудармаған. Соның салдарынан елдегі бірнеше балабақша тамақсыз қалған.
Қаржы министрлігінің хабарлауынша, жүйедегі техникалық ақау 10 мамырға дейін жөнделеді.
Өзбекстанда бюджетке қарайтын мекемелердің бухгалтерлік операциялары UzASBO бағдарламасы арқылы өтеді.
"Мемлекеттің субсидиясын әр айдың 25-не алатынбыз, сол күні азық-түлік жеткізушілерге ақша аударатынбыз. Үш күннен бері ақша жоқ. Тауар жеткізушілер азық-түлік бермей отыр. Не істерімізді білмейміз, ертең балаларға беретін тамақ жоқ", - деді самарқандық кәсіпкер.
Жизақ қаласындағы жас кәсіпкердің айтуынша, оның отбасылық балабақшасы да "үш күн тамақсыз" қалған. "Мен несие туырладым. Субсидия төленбесе, балабақшаны жабуға тура келеді. Басқа амал жоқ. Олар бізге жауап бермей отыр", - деді кәсіпкер.
"Кінә бізден емес", - дейді Жизақ облысының қаржы басқармасындағылар.
"Сервер әбден тозған. Оны ауыстыру керек. Жаңа серверге көшіре бастадық. Мұндай жұмыс 10 мамырға дейін созылады", - деді қаржы министрлігінің өкілі.