Ссылки доступа

Өзбекстанда аудан басшысының бұрынғы баспасөз хатшысы тергеушілер азаптағанын мәлімдеді


Қашқадария облысына қарасты Мубарек ауданы басшысының бұрынғы баспасөз хатшысы Зафар Жураев тергеушілер балағаттап, азаптағанын сотта мәлімдеді. Бұл туралы Дарё.уз басылымы хабарлады.

Жураевтың айтуынша, былтыр карантин кезінде үйлену тойын өткізген дәрігерлер туралы хабарлаған соң аудандық милиция оның соңынан түскен, жұмыстан шығарылған. Баспасөз хатшысының үстінен алаяқтық жасады деген айыппен қылмыстық іс қозғалған.

Биылғы 11 наурызда Касан аудандық соты оны ақтап шыққан. Алайда ол жер берем деген жалған уәдесі үшін екі жыл алты айға түзеу жұмыстарына тартылды.

Қашқадария облысытық соты ауданды сот үкімін өзгертіп, Жураевты екі жыл алты айға соттаған.

"Сот шешімімен келіспеймін. Жоғарғы сотқа шағымданамын", - дейді Зафар Жураев.

XS
SM
MD
LG