Ссылки доступа

Қырғыз парламенті үкіметке денсаулық сақтау министрін қызметінен алуды ұсынды


Жогорку Кеңеш әлеуметтік, білім беру, мәдениет және денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі комитеттің денсаулық сақтау министрі Алымкадыр Бейшеналиевті қызметінен алу жөніндегі ұсынысын қолдады.

Мұндай шешімге министрдің коронавирусты уқорғасын (аконит) тұнбасымен емдеуге болады деген мәлімдемесі себеп болған.

Депутаттар оны бірнеше мәрте парламентке шақырғанда, келмегеніне ашуланды.

Заң шығарушылардың пікірінше, денсаулық сақтау министрінің бұл мәлімдемесі Қырғызстан беделіне нұқсан келтірді.

16 сәуірде Алымкадыр Бейшеналиев елде коронавирус жұқтырған науқастарды емдеу үшін уқорғасын тұнбасын қолданып жатқанын мәлімдеген. Оған бұл ұсынысты ел президенті Садыр Жапаров ұсынған.

Уқорғасын шөбі улы өсімдікке жатады. Эксперттер оны емдеу мақсатында қолдану денсаулыққа зиян деген пікір білдірген.

XS
SM
MD
LG