Ссылки доступа

Молдова президенті Майя Санду парламентті таратты


Молдова президенті Майя Санду

Молдова президенті Майя Санду парламентті тарату жөніндегі жарлыққа қол қойды. Кезектен тыс парламент сайлауы 11 шілдеде өтеді.

Парламентті таратуға елдің Конституциялық соты рұқсат берген, себебі депутаттар үш ай бойы үкімет құрамын жасақтай алмады.

Парламентке ықпал жүргізуді елдің бұрынғы президенті Игорь Додон сақтап отырды. Оны сарапшылар ресейшіл саясаткер деп есептейді. Парламентті тарату жөніндегі жарлыққа қол қойғаннан кейін Додон Сандуды мемлекет ақшасын талап-таражға түсірді, пандемия кезінде халықты ойламай жатыр деп айыптады.

Санду саясатқа 2010 жылдың басында келген. Ол еуропалық бағыттағы Іс-әркет пен ынтымақтастық партиясын құрған.

Былтыр президент сайлауы кезінде оппозициялық партия лидері ретінде Санду жеңіске жеткен.

XS
SM
MD
LG