Ссылки доступа

Қырғыз-тәжік шекарасындағы жағдай шиеленісіп барады


Стороны закидывали друг друга камнями. 28 апреля 2021
Стороны закидывали друг друга камнями. 28 апреля 2021

Тәжікстанның Ходжаи Аъло (Исфара) қышлағы мен Қырғызстанның Кок-Таш (Баткент) ауылының тұрғындары қақтығысып қалды. Тәжік және қырғыз биліктері мәлімдеме таратты.

28 сәуірде болған қақтығыс кезінде бірнеше адам зардап шеккен, кейбіреуі ауруханаға түскен.

Тәжікстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің шекара әскері баспасөз қызметінің хабарлауынша, "28 сәуірде сағат 16:00-де Ходжаи Аъло ауылының маңында, Исфара өзенінің бастауында орналасқан "Головной" су айыру орталығында, Қырғыз Республикасының Баткен ауданының төрағасы Акылбек Оразов бастаған азаматтардың арандатуымен, Тәжікстан Республикасы мен Қырғыз Республикасының шекаралас аудандарының тұрғындары арасында жанжал болды".

Тәжік шекарашыларының хабарлауынша, "оқиға кезінде Тәжікстанның жеті азаматы зардап шекті. Оларға тас тиген".

Қырғыз тарапының хабарлауынша, оқиға кезінде Қырғызстанның екі азаматы зардап шекті. Олар ауруханаға түсті.

Тәжікстан шекара әскері баспасөз қызметінің хабарламасында жанжал себебі айтылмаған, Қырғызстан шекара қызметінің хабарламасында жанжал тәжік тарапының "Головной" су айыру орталығындағы электр бағанына бейнебақылау камерасын орнатуы себеп болған.

Тәжік тарапы суды теңдей бөлуді бақылау үшін бейнекамера орнатқысы келген. Ходжаи Аъло тұрғындарының мәліметі бойынша, қырғыз билігі ол жерге бейнебақылау камераларын орнатып қойған, тәжік тарапы да камера орнатқысы келгенде, қырғыз шекарашылары оған кедергі жасаған.

1924-1927 жылдардағы және 1989 жылғы картада гидроқұрылыс Тәжікстан аумағында орналасқан. 1968 жылы салынған бұл орталық Тәжікстан, Қырғызстан және Өзбекстан елді мекендеріне су бөледі.

Қырғызстанның шекара қызметі тәжік тарапының "Қырғызстан азаматтарының арандатушылық әрекеттері" туралы мәліметін терістеді. Қырғыз шекарашыларының хабарлауынша, "екінші бақылау бейнекамерасын орнату кезінде Қырғызстан шекарашылары мен Баткен облыстық милициясының қызметкерлері камера орнатуды доғаруын талап еткен". "Сағат 12.25 шамасында Ходжаи Аъло (Тәжікстан) ауылы жақтан оқ атылды", - делінген қырғыз шекарашыларының хабарламасында.

29 сәуірде таңертең қырғыз-тәжік шекарасындағы жағдай тынышталмады. Қырғыз шекара қызметінің мәліметі бойынша, сағат 04:40 шамасында Кочо-Бою (Ак-Сай айыл окмоту) ауылында жағдай шиеленісті – Тәжікстан азаматтары Қырғызстан азаматтары мен олардың үйлеріне тас лақтыра бастады, одан соң Қырғызстан азаматтарының автокөліктеріне аңшы мылтықтарымен оқ жаудырды.

"Алдын ала мәлімет бойынша, Қырғызстан азаматтары жараланған. Тәжік тарапы оқ атуды тоқтатқан жоқ. Тәжікстанның шекара мекемесі басшылығымен телефонмен сөйлесу мүмкін болмады", - деп хабарлады қырғыздың шекара қызметі.

29 сәуірде таңертең Кок-Таш ауылының тұрғындары Баткен қаласына келе бастады. Әйелдер мен балалар қаладағы мектептердің біріне орналасты. Ауыл тұрғындарын көшіру қиындаған, өйткені онда әлі оқ атылып жатыр.

XS
SM
MD
LG