Ссылки доступа

Орталық Азияның 60-тан астам содыры ауған түрмелерінде отыр


Задержанные боевики ИГИЛ в Нангархаре. Архивное фто
Задержанные боевики ИГИЛ в Нангархаре. Архивное фто

Ауғанстан қауіпсіздік күштерінің мәлімдеуінше, Орталық Азия елдерінің 60-астам азаматы "Ислам мемлекеті" террористік ұйымына байланысы бар деген айыппен қамауда отыр.

Ауғанстанның Ұлттық қауіпсіздік басқармасының (NDS) басшысы Ахмад Зия Сирадждің мәлімдеуінше, "Ислам мемлекетінің" қамаудағы мүшелері арасында 14 елдің азаматтары бар. Олардың 173-і әйел мен бала.

Басқарма басшысының айтуынша, түрмелерде тыйым салынған ұйымға мүше болды деген айыппен Пәкістанның 299, Өзбекстанның 37, Тәжікстанның 13, Қырғызстанның 12, Ресейдің 5, Қытайдың 16, Иорданияның 5, Иранның 4, Түркияның 3, Индонезияның 5, Үндістанның 4, Бангладештің 2, Мальдив аралдарының 2, Алжирдің 1 азаматы отыр.

Ахмада Зия Сираджа ауған билігі осы елдермен келіссөз жүргізіп жатқанын айтты.

Ауғанстанда "Ислам мемлекетінің" провинциясы – "Вилаята Хорасан" ұйымының құрылғаны 2015 жылғы 26 қаңтарда жарияланды. Содан бері бұл ұйым елдің шығысындағы Нангарахар және Кунар провинцияларында қарулы базалары мен лагерьлерін құрып үлгерген.

Ұйымның қарулы топтары бірнеге шабуыл ұйымдастырғанын хабарлады. Террорлық шабуылдардан жүздеген адам қаза тапты.

XS
SM
MD
LG