Ссылки доступа

Ташкентте соққыға жығылған блогере қарсы қылмыстық іс қозғалды


Өзбекстанда блогер Миразиз Базаровқа қарсы "Жалған ақпарат тарату" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы "Медиазона" басылымына блогердің досы Тимур Карпов хабарлады.

Оның айтуынша, Базаров 29 сәуір күні ауруханадан шығарылып, Ташкент қалалық ішкі істер басқармасына жеткізілген.

30 наурызда құқық қорғау қызметкерлері Базаров тұрған пәтерде тінту жүргізіп, оның құжаттарын және компьютерін алып кеткен. Бірақ бұл бойынша протокол түзілген емес.

Ертесі Базаровтың анасының үйінде де тінту жүріп, видеокамера, фотоаппараттар, блогердің ескі телефоны және әйелінің компьютері алынған.

Миразиз Базаров 28 наурызда Ташкентте жапон анимесін және корей поп-музыкасын жақсы көретіндерге арнап кезекті шараны әзірлеп жатқан кезде белгісіз кісілер тарапынан соққыға жығылған. Дәрігерлер блогердің ішкі органдары жабырқап, сол аяғы сынып, миы шайқалғанын айтқан.

Базаровтың соққыға жығылуы бойынша Қылмыстық кодекстің "Арнайы денеге зиян келтіру" бабы бойынша іс қозғалған. Бір күн бұрын басылым бұлақтары блогердің достары ішкі істер бөліміне шақырып, олардан ЛГБТ тақырыбы бойынша сұрақтар қойылғанын жеткізген.

Миразиз Базаров Telegram каналы арқылы билікті Қылмыстық кодекстен "Гомосексуализм" бабын алып тастауға шақырған. Ол сонымен бірге ел президенті Шавкат Мирзияевті сынап, билікті коррупция бойынша айыптап, ашықтық болмайынша Өзбекстанға несие беруді тоқтатуға шақырып, Азия даму банкі мен Халықаралық валюта қорына қайрылған.

XS
SM
MD
LG