Ссылки доступа

Тәжікстан мен Қырғызстан шекарадағы жанжал бойынша бірлескен құжатқа қол қойды


30 сәуірге қараған түні екі өлкенің ресми өкілдері кездесіп, нәтижесінде бірлескен құжатқа қол қойды. Бұл туралы Баткен облысының әкімі Өмүрбек Суваналиев мәлімдеді.

Екі тарап қол қойған құжатта Тәжікстанның Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы Саймумин Ятимов пен қырғыз үкіметінің Баткен облысындағы өкілі Өмүрбек Суваналиев қол қойды.

Құжатта екі тарап жанжалды реттеу үшін арнайы комиссия құру, бірлескен жұмыс жүргізу тобын құру жайы айтылған.

28 сәуірде Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасы маңындағы Ак-Суу дариясындағы (“Головной”) бастоған маңында екі ел тұрғындары қақтығысып қалған.

Ресми мәлімет бойынша, Қырғызстанның үш азаматы қайтыс болып, жараланғандар саны 84-ке жеткен.

Тәжікстанның шекара мекемесі тоғыз адамның жарақат алғанын хабарлады.

Қырғызстан мен Тәжікстанның сыртқы істер министрлері 29 сәуірде кешкі сағат сегізде екі тарап тең оқ атуды тоқтатып, шекарадағы әскери күштерді кері қайтаруға келіскенін хабарлаған.

XS
SM
MD
LG