Ссылки доступа

Тәжік-қырғыз шекарасындағы қақтығыс: зардап шеккендер саны өсіп жатыр


Баткен облысы Ләйлек ауданында 30 сәуірге қараған таңда Кызыл-Бел, Кулунду ауылында атыс болып жатқанын айтып жергілікті тұрғындар Азаттықтың қырғыз қызметіне хабарлады.

Түнде Ләйлек ауданының Арка, Жаштык, Максат және Эски Оочу ауылдарында оқ атылғаны тоқтап, бірақ тұрғын үйлер өртеніп жатқанын тұрғындар хабарлады.

Бұл ауылдарды 29 сәуірдің кешінде Тәжікстанның әскерлері қару қолданып, тұрғындар көрші ауылдарға қашып кеткен. Облыстық милицияның баспасөз хатшысы Дамира Юсупова Ләйлек ауданында милиция күшейтілген тәртіпте жұмыс істеп жатқанын, тұрғын үйлер өртеніп жатқанын растады.

29 сәуірде Тәжікстанның Соғды облысымен шектелген қырғыз ауылдарының 2000-3000-дей тұрғыны уақытша үй-жайын тастап, Ләйлек ауданындағы Исфана қаласына, Катраң, Өзгөрүш, Коргон, Тайлан ауылдарына эвакуацияланды. Тұрғындар уақытша ауылдардағы мектептерге жайғастырылған.

28 сәуірде Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасы маңындағы Ак-Суу дариясындағы (“Головной”) бастоған маңында екі ел тұрғындары қақтығысып қалған.

Ресми мәлімет бойынша, Қырғызстанның үш азаматы қайтыс болып, жараланғандар саны 84-ке жеткен.

Тәжікстанның шекара мекемесі тоғыз адамның жарақат алғанын хабарлады.

Қырғызстан мен Тәжікстанның сыртқы істер министрлері 29 сәуірде кешкі сағат сегізде екі тарап тең оқ атуды тоқтатып, шекарадағы әскери күштерді кері қайтаруға келіскенін хабарлаған.

XS
SM
MD
LG