Ссылки доступа

Мирзияев Ашғабадта Ниязов мавзолейіне барып, ауызашарға қатысты


Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев Түркіменстанға сапары аясында 29 сәуірде түркімен әріптесі Гурбангұлы Бердымұхамедовпен бірге елдің алғашқы президенті Сапармұрат Ниязовтың Ашғабадтағы мавзолейіне барды.

Өзбекстан президентінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, олар мавзолейде Құран сүресін оқыды.

"Кешенге шақын маңда Түркіменстан президентінің әкесі Маликгули Бердымұхамедовтің құрметіне ауызашар ұйымдастырылды. Мирзияев Түркіменстен президенті әкесінің қазасына орай Өзбекстан халқының атынан көңіл айтты", - делінген хабарламада.

Сол күні Мирзияевтің Түркіменстанға сапары аяқталды. Ашғабадтағы халықаралық әуежайда мемлекет басшысын Гурбангұлы Бердымұхамедов шығарып салды.

XS
SM
MD
LG