Ссылки доступа

Өзбек блогері Миразиз Базаровты үйқамаққа алды


 Ташкентский блогер Миразиз Базаров.
Ташкентский блогер Миразиз Базаров.

Өзбекстанда ЛГБТ құқықтарын қорғаушы блогер Миразиз Базаров сот шешімімен үйқамаққа алынды. Оған басқа біреулермен сөйлесуге тыйым салынды.

Бұл туралы Азаттықтың өзбек қызметіне Базаровтың адвокаты Сергей Майоров хабарлады.

– Ол үйқамақта отыр. Оған басқа біреулермен сөйлесуге тыйым салынды, – деді Майоров.

Еске салайық, 29 сәуірде Миразиз Базаров ауруханадан шықты. Оны биыл наурыз айының соңында белгісіз біреулер ұрып кеткен. Ташкенттік фотожурналист Тимур Карповтың хабарлауынша, блогердің палатасын бір ай бойы құқық қорғау органдарының қызметкерлері күзеткен, оған ешкімді жібермеген.

Бейсенбі күні Сергей Майоров ауруханадан шыққан блогерді бірден Ташкен қаласының ішкі істер бас басқармасына тергеу алып кеткенін айтты.

22 сәуірде Миразиз Базаровтың үстінен "жала жабу" және "тіл тигізу" баптары бойынша қылмыстық істер қозғалды. Сот Базаровты кінәлі деп таныған жағдайда ол үш жылға сотталуы мүмкін.

Базаров наурыз айында Ташкенте жапон анимесі мен корей поп-музыкасының жанкүйерлерінің басқосуын өткізбек болды. Бірақ ол кездесу өтпей қалды - ондаған адам жиналғандарға шабуылдаған. Бұның алдында блогер гомосексуалға қылмыстық жаза қолдануды қарастыратын заңды алып тастауды биліктен талап еткен.

XS
SM
MD
LG