Ссылки доступа

Израильде адам көп жиналған діни мерекеде ондаған адам тапталып қалды


Израильдің солтүстік-шығысында діни мерекеге қатысқан ондаған адам тапталып қалды. Бұл туралы жергілікті ақпарат құралдары хабарлады.

Қайғылы оқиға Мерон тауындағы Лаг ба-Омер мерекесі кезінде болған. Діни мерекеге ондаған мың адам жиналған.The Times of Israel газетінің хабарлауынша, бейсенбінің кешіндегі діни рәсімге шамамен 100 мың адам қатысқан.

Бастапқыда адамдар мереке кезінде трибуналардың бірінің құлап кетуіне байланысты қаза тапты деп хабарланды. Алайда кейін билік ондаған адам көпшіліктің аяғының астында тапталып қалғанын мәлімдеді.

Түрлі мәліметтерде қайғылы оқиғадан 38-ден 44 адам қаза тапқаны айтылды. Дәрігерлер жиырма шақты адамның жағдайы ауыр екенін хабарлады. Жараланғандар мен қаза тапқандардың денелерін тасуға Израиль әскеріндегі жауынгерлер қатысты.

Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху бұл оқиғаны "ауыр қасірет" деп атады.

Лаг ба-Омер мерекесі раввин Шимон бар Иохай жерленген тауда өтеді. Раввин II ғасырда өмір сүрген. Былтыр діни мереке коронавирус пандемиясына байланысты өтпей қалған еді.

XS
SM
MD
LG