Ссылки доступа

Өзбекстан Түркияға 17 мамырға дейінгі бірқатар рейсті алып тастады


Uzbekistan Airways ұлттық әуе компаниясы Түркияға 17 мамырға дейін ұшады деп жоспарланған бірқатар рейсті алып тастады. Ресми хабарламаға қарағанда, мұндай шешім бұл елде коронавирус пандемиясына қатысты жағдайдың нашарлауына байланысты қабылданған.

Өзбекстанның көлік министрлігінің мәліметі бойынша, Uzbekistan Airways компаниясының Түркияға ұшуға жоспарланған мына рейстері алынды:

14 мамыр. HY 273/274. Ташкент – Стамбул – Ташкент;

7, 10 и 14 мамыр. Самарқанд – Стамбул – Самарқанд;

1, 5, 8, 12 и 15 мамыр. Ферғана – Стамбул – Ферғана;

2, 9 и 16 мамыр. Үргеніш – Стамбул – Үргеніш.

Күндізгі Ташкент – Стамбул – Ташкент (HY 271/272) рейстері өзгермейді.

Еске салайық, Түркия 29 сәуірден 17 мамырға дейін толық локдаун енгізді. Елде күні-түні комендант сағаты орнатылды.

XS
SM
MD
LG