Ссылки доступа

Шекарадағы қақтығыста зардап шеккен тағы бір қырғызстандық көз жұмды


Қырғыз-тәжік шекарасында 28-30 cәуірдегі қақтығыста зардап шеккен тағы бір қырғызстандық 3 мамырда қайтыс болды. Бұл туралы Қырғызстанның денсаулық сақтау министрінің орынбасары Ализа Солтонбекова хабарлады.

Министрдің орынбасарының айтуынша, Мақсат ауылының 1967 жылы туған тұрғыны қайтыс болды.

3 мамырдағы мәлімет бойынша, шекарадағы жанжалда қырғыз жағынан 35 адам қаза тапты, 183 адам зардап шекті. Баткен облысы мен Бішкектегі ауруханаларда 99 адам емделіп жатыр. Үш қауқастың жағдайы ауыр.

28-30 сәуірде Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында қарулы тақтығыс болды. Тәжік билігі зардап шеккендер туралы ресми мәлімет таратпады, бірақ Озоди радиосы 16 адам қаза болғанын хабарлады.

Қырғызстан төтенше жағдайлар жөніндегі қызметтің мәліметі бойынша, Баткен және Лейлек аудандарындағы ауылдарда ондаған үй, он жанармай құю бекеті, үш шекара бекінісі, екі мектеп қираған немесе бүлінген. Баткен облысынан 60 мыңнан астам адам басқа жерге көшірілген. Тәжік билігі жанжал зардаптары туралы есеп бермей отыр, бірақ шекарадағы ауылдарды аралаған журналистер Ходжаи Аъло қышлағындағы өртенген, қираған үйлердің суреттерін жариялады.

1 мамырда Баткен облысында қырғыз-тәжік шекарасын делимитациялау және демаркациялау жқніндегі үкімет делегацияларыынң келіссөзі өтті. Соның нәтижесінде тараптар атысты доғарып, қосымша әскерді шекарадан алып кетуге келісті.

XS
SM
MD
LG