Ссылки доступа

63 елдің 250 журналисі Ресейдегі тәуелсіз БАҚ-ты қолдап мәлімдеме жасады


DOXA журналының редакторлары Арамян, Тышкевич және Гутникова сот залында
DOXA журналының редакторлары Арамян, Тышкевич және Гутникова сот залында

Әлемнің 63 елінің 250-ден астам журналисі Ресейдегі DOXA, "Медуза" және "Важные истории" басылымдарына қолдау білдіріп, мәлімдеме жасады. Журналистердің ашық хатын DOXA студенттік журналы сайтына жариялады.

"Ресейде билікке Владимир Путин келгелі бері мемлекет заңдық шектеулер қойып, айыппұл салып, қылмыстық істер қозғап және қожайындарын алмастыру арқылы тәуелсіз БАҚ-қа қысым көрсете бастады. Соңғы айларда тәуелсіз медиаларға жасалған шабуылдар күшейді", - деп жазылған хатта.

Оның авторлоры "Важные истории" басылымының бас редакторына қарсы қылмыстық іс қозғалғанын, DOXA журналының төрт редакторына қарсы қуғындау болып жатқанын және "Медузаның" "шетел агенті" деп табылғанын атап өткен.

"Шетел агенті" заңы басылымдарға бірқатар атқарылуы мүмкін емес талаптар қояды. Оны орындай алмағандарға ірі көлемде айыппұл салып, сайтты бұғаттап, журналистерге қылмыстық іс қозғауы мүмкін", - деп жазылған хатта.

Осыған дейін орыс билігі "шетел агенті" тізіміне "Азат Еуропа/Азаттық радиосы" (ЭЕ/АҮ) медиакорпорациясының Ресейдегі бірқатар жобаларын, оның ішінде "Свобода" радиосын кіргізген.

Аталған заң бойынша Ресей билігі "Свобода" радиосына 100 миллион рубль айыппұл салған.

Хат авторлары Кремль "тәуелсіз медиаларды қуғындап, өлке азаматтарын еркін ақпарат алу мүмкіндігінен ажыратуға ниеттеніп жатыр" деп есептейді. Олар Ресей билігін сөз еркіндігін қорғау бойынша алған міндеттемесін атқаруға шақырды.

Хатқа The Guardian, The Washington Post, Le Monde, Süddeutsche Zeitung, Reuters, "Неміс толқыны", "Украинская правда" секілді басылым журналистері қол қойған.

XS
SM
MD
LG