Ссылки доступа

Ташкентте 35 жоғары оқу орны, 132 мектеп және 22 балабақша карантинге жабылды


Өзбекстан астанасында 35 жоғары орны екі аптаға карантинге жабылды. Білім мекемелеріндегі мамандар мен студенттердің коронавирус жұқтырғаны анықталған.

Бұл туралы Ташкент қаласы әкімдігінің Telegram-арнасында хабарланды.

Қаладағы санитария және эпидемиология қызметінің бір өкілінің айтуынша, астанада 170-тен аса білім беру мекемесі екі аптаға карантинге жабылған.

Ташкентте күн сайын 8 мыңға жуық зертханалық тест жасалады, солардың 2,5-3,5 пайызында COVID-19 вирусы анықталады, дейді маман.

Бұған дейін Ташкент облысы мен Самарқанд қаласында мектептер мен балабақшалар карантинге жабылғаны хабарланған.

XS
SM
MD
LG