Ссылки доступа

Тәжікстанда билеті бар жолаушыларды "Уральские авиалинии" компаниясының ұшағына мінгізбей қойды (видео)


Билеты раздора

"Уральские авиалинии" әуе компаниясының бір топ жолаушысы 1 мамырда Ресейге ұшатын рейске билеті барларды мінгізбей қойғанына шағымданды. Жолаушылардың айтуынша, олардың орнына басқа біреулер ұшаққа мінген.

Душанбе тұрғыны Парвиз Мирзоев 2 мамырға қараған түні астанадағы халықаралық әуежайға ерте келген, бірақ оны "Уральские авиалинии" әуе компаниясының Ресейге шығатын ұшағына мінгізбей қойған. Жолаушыға орын жоқ деп айтқан.

"Олар бізге салонда орын жоқ деді. Біздің билетіміз бар, бұл рейспен біз ұшуымыз керек, бірақ біздің билетті сатып жіберген", - деп шағымданды Парвиз.

Оның айтуынша, билеті бар тағы 19 адам сол күні "Уральские авиалинии" рейсімен Ресейге ұша алмаған.

Үшінші мамырда "Уральские авиалинии" кеңсесінің алдында адам көп болды. Олардың дені басшылықтың жауап беруін талап еткен. Бірақ әуе компаниясы жолаушылар сауалдарын жауапсыз қалдырды.

Пассажиры не попали на борт самолета по купленным билетам
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:02:41 0:00

Душанбе мен Мәскеу арасындағы чартерлік рейстерді Ресейдің төрт әуе компаниясы жүзеге асырады. Бұның алдында азаматтар билеттің жоқтығына шағымданған, енді бір орынға бірнеше билет сатылғанына наразы.

Ресейге қатынайтын тұрақты билеттердің ресми бағасы - 4 000 сомони, чартерлік рейс билеті 8 500 сомони тұрады. Тұрақты рейстерді ЮТэйр мен Сомон Эйр әуе компаниялары атқарады.

Жыл сайын Тәжікстанның миллионнан астам азаматы Ресейге жұмыс істеуге барады.

XS
SM
MD
LG