Ссылки доступа

Қырғызстанда тәжіктермен қарулы қақтығыс болған аймақтың әкімі қызметінен алынды


Қырғыз үкіметінің Баткен облысындағы өкілетті өкілі Өмірбек Суваналиев қызметінен алынды.

Оның өзі мұны басқа қызметке ауысуыма байланысты деп түсіндірді.

Ол әзірге үкімет басшысының қандай қызметке тағайындайтынын білмейтінін жеткізді. 61 жастағы Суваналиев бұл қызметке биыл 15 ақпанда тағайындалған.

Баткен облысының Тәжікстанмен шектесетін аймағында сәуір айының соңында қарулы қақтығыс болды. Ондаған адам қаза тапқан.

XS
SM
MD
LG