Сот оны "Тәжікстанның конституциялық құрылымын күшпен өзгертек болды" деген бап бойынша айыпты деп таныды. Сотталушы және оның туыстары істің саяси астары бар деп есептейді.
Дереккөздің хабарлауынша, саясаткердің ұлы Шайхмуслихиддин Ризоев та "бұзақылық", "адам зорламақ болды" деген баптар бойынша алты жылға сотталған. Оны да абақтыға жөнелткен.
Жазаны орындау басқармасының қызметкерлері оларды түрмеге ауыстырғаннан кейін 15 күн бойы карантинде болатынын хабарлады. Осыдан кейін барып туыстары оларға азық-түлік беріп жібере алады.
Социал-демократиялық партия басшылығы Махмурод Одинаевтың денсаулығына алаңдайтынын жеткізді. Ол тергеу абақтысында жатқан кезде денсаулығы нашарлап, арбаға таңылған екен.