Ссылки доступа

Өзбекстан: прокурор блогер Отабек Сатториді 11 жылға соттауын сұрады


Сұрхандария облысының Музрабат аудандық сотында блогер Отабек Саттори ісіне қатысты соттың 4 мамырдағы отырысында сөйлеген прокурор судьядан айыпталушыны 11 жылға соттауын сұрады.

Билікті жиі сынайтын блогер Отабек Сатториге Өзбекстан қылмыстық кодексінің үш бабы бойынша айып тағылған.

Прокурордың мәлімдеуінше, сотталушы Отабек Саттори тағылған айыптарды мойындамаған, шығынды өтемеген. Соттың келесі отырысы 10 мамырда өтеді.

Отабек Саттори Telegram мен YouTube платформасында "Халк фикри" ("Халық пікірі") деп аталатын видеоблог жүргізеді.

Оны биыл 30 қаңтарда Термезде ұстаған. Блогердің үстінен қозғалған қылмыстық іс бойынша сот 11 наурызда басталды.

Блогерге "бопсалау", "жала жабу" және "кісіні балағаттау" баптары негізінде айып тағылған.

Халықаралық ұйымдардың бірқатары Өзбекстан үкіметінен блогер Отабек Сатториді босатуын сұраған. Адам құқықтарын қорғаушы ұйымдар жемқорлықпен күрескен блогердің қылмыстық ісі қолдан жасалған деп есептейді.

XS
SM
MD
LG