Ссылки доступа

"Ховар": Тәжікстан мен Қырғызстан "Хожаи Аъло-Ворух" жолын бірге салады


Тәжікстанның "Ховар" ұлттық ақпарат агенттігі 5 мамырда Тәжікстан мен Қырғызстанның шекара жөніндегі үкімет делегацияларының бірлескен мәлімдемесін жариялады. Келіссөздер Баткен қаласында 1-2 мамырда өтті.

Бірлескен мәлімдемеде тараптар шекарадағы бірнеше даулы жердің жобасын дайындауға келісті. Шекара сызығының жобасын жұмыс тобы 9 мамырға дейін дайындауы тиіс.

17 мамырға дейін жұмыс тобы топографиялық жұмыс жүргізеді. Даулы жерлерге Тәжікстанның Овчи Калача, Чоркух, Сомониён, Ходжаи Аъло елді мекендері, Қырғызстанның Максат, Кулунду, Коктош, Коктерек, Аксай ауылдары енген.

"Ховар" мәліметі қарағанда, тараптар "Ходжаи Аъло-Ворух" жолын бірге салуға келісті.

Қырғыз тарапы жолды бірге салу жоспары туралы хабарлаған жоқ.

Қырғызстан мен Тәжікстанның ортақ шекарасы 970 километр. Соның 519 километрі ғана белгіленген.

XS
SM
MD
LG