"Тәжікстан азаматтарын Бішкек және Ош әуежайларында ұстап, оларға заңсыз әрекет көрсетіп жатыр" деген мәлімет жалған дейді шекара қызметі. Сонымен бірге, қызмет адам құқықтарын қорғаушының бұл мәлімдемесін ұлтаралық араздық туғызу әрекеті деп санайды.
"Қырғыз Республикасының мемлекеттік шекараларында азаматтар жалпы тәртіпке сай өтіп жатыр", делінген шекара қызметі таратқан мәлімдемеде.