Ссылки доступа

Тәжікстанда электр энергия тарифін қайта қарайды


Тәжікстанда елдің премьер-министрі Кохир Расулзоданың тапсырмасымен электр энергиясы тарифін қайта қарау бойынша жұмыс тобы құрылды.

Тәжікстанның монополияға қарсы қызметінің хабарлауынша, жұмыс тобы құрамына тиісті министрлік пен мекеме өкілдері кірген. 2010-2019 жылдар аралығында елде электр энергиясына тариф бір киловатт сағаты 9 дирамнан 22 дирамға дейін қымбаттаған.

"Барки точик" энергохолдингінің мәліметінше, электр энергияның киловатт-сағаты 28 дирам тұрады. Бірақ тұрғындарға төмен бағамен беріп келген, сол себептен холдинг шығынға тап болған.

Тәжікстан халықаралық институттармен, атап айтқанда Дүниежүзілік банкпен тариф бағасын көтеріп, бірақ кедей отбасыларға ай сайын сағатына 250 киловатт энергия жеткізіп тұруға келіскен. Бірақ бұл әлі көптеген аймақтарға жүзеге аспады.

XS
SM
MD
LG