Ссылки доступа

Түркіменстанда президенттің әкесін еске алу кешіне ақша жинап жатыр


Түркіменстан (көрнекі сурет)

Түркіменстанда ел президенті Гурбангулы Бердымұхаммедовтің әкесін еске алу кешін өткізу үшін халықтан ақша жинап жатыр.

Президенттің әкесі Маликгулы Бердымұхаммедов биыл 18 сәуірде 89 жасында қайтыс болған кезде, аймақтық шенеуніктерден, бюджет қызметкерлерінен мешітте еске алуға ақша жиналған. Енді 40 күндік асына тағы ақша жинап жатыр.

Азаттықтың түркімен қызметінің хабарлауынша, еске алу асы 28 мамырға жоспарланған. Бұл жолы жоғары оқу орнының оқытушылары мен студенттері де 50 манаттан беруге міндеттелген. Тапсырма ауызша айтылған.

Елде дағдарыс кезінде қосымша ақша жинауға халық наразы дейді тілші.

"Президент пен оның әкесінен шаршадық. Бұл спектакль тезірек бітсе екен. Бізді мұндай шараларға қатыстырып, өтірік қайғырып отыруға мәжбүрлейді", - дейді аты-жөнін құпия сақтауды жөн көрген студент.

Түркіменстанда Мяликгулы Бердымұхамедов атындағы арнайы медаль бар. Ол тірі кезінде туып-өскен ауылына ескерткіш орнатылған.

XS
SM
MD
LG