Ссылки доступа

Ташкентте милиция қызметкерінің киімімен билеген жігіт жеті тәулікке қамалды


Ташкент облысында милиция қызметкерінің киімімен билеген 21 жастағы жігіт ұсталды. Бұл туралы 5 мамырда Өзбекстан ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Хабарларға қарағанда, жігіт шаштараз болып істейді. 2 мамырда ол "Янгиабад" базарынан милиция қызметкерінің формасын сатып алып, өзі жұмыс істейтін салонда сол киіммен билеген. Жігіт биін видеоға түсіріп, оны таныстарына жолдаған.

Ішкі істер бөліміндегі тергеу барысында жас шаштараз қарсылық көрсетіп, жағдайға түсініктеме беруден бас тартқан делінеді.

Ол жеті тәулікке қамалды.

Биылғы ақпанда дәл осыған ұқсас жағдай болған.

Сырдария облысының 26 жастағы тұрғыны Хасан Дустов милиция қызметкерінің киімімен билегені үшін сегіз тәулікке қамалған.

XS
SM
MD
LG