Ссылки доступа

Қазақстандық лоукостер Түркістаннан Бішкекке тұрақты рейс ашады


31 мамырдан бастап Түркістан қаласынан Бішкекке тұрақты рейс қатынайды. FlyArystan лоукостерінің жолаушы ұшағы аптасына екі рет - дүйсенбі және бейсенбі күндері ұшады.

"Манас" халықаралық әуежайының" хабарлауынша, Түркістан арқылы Қазақстанның басты қалалары - Алматы және Нұр-Сұлтанға ұшуға болады. Ұшу ұзақтығы - 1 сағат 15 минут.

Айта кетейік, Бішкектен Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларына тікелей рейстер бар.

Түркістан - Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы, Шымкент қаласынан 160 шақырым жерде орналасқан.

XS
SM
MD
LG