Ссылки доступа

Жапония Олимпиада қарсаңында төтенше жағдай режимін созады


Жапония үкіметі коронавирус қарқынын тежеу мақсатында Токио мен тағы үш префектурада төтенше жағдай режимін созу мәселесін қарайды.

Жапония астанасында өтетін Олимпиада ойындарына үш айдан аз уақыт қалды. Үкімет ұсынған шектеу шаралары қабылданады деген болжам бар.

Былтыр өтуі тиіс болған Олимпиада ойындарына 11 мыңнан астам спортшы қатысады. Жапония шетел жанкүйерлеріне жазғы ойындарға келуге тыйым салды.

Жапония коронавирус пандемиясынан қатты зардап шеккен жоқ, бірақ елде коронавирусқа қарсы вакцина егу науқаны баяу жүріп жатыр.

XS
SM
MD
LG