Ссылки доступа

Мирзияев: хокимдер шет тілін білуі тиіс


Келесі жылдан бастап Өзбекстанда мемлекеттік органдарға жұмысқа тұрғысы келетіндер үшін шет тілін білу міндетті болады.

Президент Шавкат Мирзияев шет тілдерін үйрену жүйесін жетілдіруге арналған видеоконференцияда осылай деп мәлімдеді.

Кездесуде мемлекет басшысы шет тілін үйренуде кластерлік жүйе енгізу қажет екенін айтты. Президент ауыл шаруалығындағы кластерлерді мысал ретінде келтірген

"Жұмысқа тұру үшін шет тілін білу міндеттеледі. Хокимдер де шет тілін білуі тиіс", - деді Мирзияев.

Оның айтуынша, шет тілін жақсы меңгерген қызметкерлерге 20 пайыщ көлемінде қосымша сыйақы тағайындалады.

Бұған дейін хабарланғандай, 6 мамырда Мирзияев Шет тілін үйрену жөніндегі агенттік құрылатынын жариялаған.

XS
SM
MD
LG