Ссылки доступа

Интернеті қымбат әрі баяу Тәжікстанда блокчейн технологиясын енгізбек


Иллюстративное фото

Тәжікстанның өнеркәсіп және жаңа технологияялар министрлігі халықаралық Fantom технологиялық қорымен келісімге отырды. Министрліктегілер Тәжікстан экономикасының болашағын блокчейн технологиясымен байланыстырады.

Келісімге сәйкес, Fantom компаниясы Тәжікстанда Customer Relationship Management (СRM) жүйесін орнатады. Министрліктегілер бұл жүйенің кәсіпті дамытуға үлесі зор деп есептейді.

Министрлік пен Fantom компаниясы арасындағы келісімге 27 сәуірде қол қойылған, бірақ мұндай құжат туралы енді ғана хабарланды.

Блокчейн (blockchain) – интернеттің көмегімен ақпаратты бірнеше компьютерге бір мезетте сақтауға мүмкіндік беретін технология.

Дүниежүзілік банк блокчейн технологиясын қолдануға кеңес береді.

Тәжікстан билігі жаңа технологиялар енгізгісі келеді, бірақ елде интернет өте баяу жұмыс істейді, оның үстіне оның бағасы өте қымбат. Мамандар блокчейн технологиясын жылдам интернетсіз енгізу мүмкін емес деп есептейді.

Интернет жылдамдығының дүниежүзілік индексінде Тәжікстан 2020 жылы 133-орын алған.

XS
SM
MD
LG