Еуропалық одақ мұны Грузиядағы саяси дағдарыстан шығу жолындағы "маңызды қадам" деп бағалады.
Мелия 23 ақпанда 2019 жылы "Билікті күшпен басып алуға әрекет ету" баптарымен қозғалған қылмыстық іс бойынша кепіл сомасын төлемеді деген айыппен қамауға алынған. Ол кезде оппозицияның мыңдаған белсендісі Ресей думасының депутаттарының қатысуымен өтіп жатқан "Праволсавияның парламенттер ассамблеясының" жиналасын болдырмау мақсатында парламентке басып кіруге әрекет еткен.
"Біріңғай ұлттық қозғалыс" партиясының лидері Никанор Мелия азаптау актілерін ұйымдастырды және оған қатысты деп айыпталып жатыр. Сот оны кінәлі деп тапса, тоғыз жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.