Ссылки доступа

Қырғызстанның тергеу қызметі Құмтөр басшылығын сұрау алуға шақырды


Ыстықкөл облыстық ішкі істер басқармасының тергеу қызметі Құмтөр кенінде осыған дейін болған оқиғаларға байланысты басшылығын сұрау алуға шақырды. Бұл туралы ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Мекеме мәліметіне сәйкес, 2019 жылдың 1 желтоқсанында кен орнында екі адам қайтыс болған. Сонымен бірге биыл ақпан айында "Құмтөр Голд" компаниясында экскаватор жүргізетін 25 жастағы жігіт Петров көліне батып кетіп қайтыс болған.

Бұл оқиғалар бойынша "қауіпсіздік ережелерін бұзу" бабымен қылмыстық іс қозғалған. Осыған байланысты төмендегі лауазымды тұлғалар тергеуге шақырылған:

Саймон Тан – "Құмтөр Голд Компани" ЖАҚ қаржы бойынша директоры,

Деон Баденхорст – "Құмтөр Голд Компани" ЖАҚ президенті,

Арипин Буман – "Құмтөр Голд Компани" ЖАҚ жеткізу жүйесі бойынша директор.

Милицияның мәліметі бойынша, аталған адамдардың дені Қырғызстаннан қашып кеткен.

Құмтөр - Қырғызстандағы ең ірі алтын кендерінің бірі. Оған канадалық "Центерра Голд" компания иелік етеді, Қырғызстанның үлесі – 26 процент.

XS
SM
MD
LG