Ссылки доступа

Тоқтоғұл ГЭС-іне арналған құрылғыны қазақ-қытай шекарасынан бес айдан бері өткізе алмай жатыр


Қырғызстан Тоқтоғұлдағы ГЭС-ті жетілдіруге арналған құрылғыны қазақ-қытай шекарасынан бес айдан бері өткізе алмай жүр. Ұлттық қуат холдингінің басшысы Бақыт Сыдықов 11 мамырда парламент комитетінің жиналысында осылай деп мәлімдеді.

"Тоқтоғұл ГЭС-нің №4 агрегаты жөнделіп жатыр. Оны 15 қарашаға дейін іске қосу керек. Бір қиындық бар. Мысалы, Қазақстанның "Қорғас" шекара бекетінде осы агрегатты іске қосуға қажетті бір құрал жатыр, соны бес айдан бері шекарадан өткізбей отыр", ‒ деді ол.

Комитет отырысында белгілі болғандай, Қырғызстанның Қытайға тапсырыс берген техниканың бір бөлігін қырғыз-қытай шекарасындағы "Иркештам" кеден бекеті арқылы жеткізіледі, екінші бөлігі "Қорғас" бекеті арқылы өтуі тиіс.

Бірақ коронавирус пандемиясына байланысты бекетте кезек пайда болып, құрылғы "Қорғаста" тұрып қалған.

Қырғызстандағы Тоқтоғұл су электр станциясы 1975 жылы іске қосылды. Ол Қырғызстанды қырық пайыз жарықпен қамтамасыз етеді.

XS
SM
MD
LG