Ссылки доступа

Бішкек қалалық кеңеске сайлау қайта өтетін болды


Бішкек территориалдық сайлау комиссиясы (ТСК) 12 мамырда қалалық кеңеске өткен сайлау нәтижесін жою жөнінде шешім шығарды.

Оған "Эмгек", "Ақ бата" және Халықтық-демократиялық партияларын сайлаудан шеттеткені себеп болды. Сондықтан дауыс нәтижесі жарамсыз болып есептеледі. ТСК Бішкектегі 30 сайлау учаскесінде өткен барлық дауыс беру нәтижесін жойды. Енді келесі сайлау күнін ОСК белгілеуі тиіс.

Жергілікті кеңестерге сайлау 11 сәуірде өткен. 45 орынға 25 партия атынан 1 820 үміткер қатысқан. Бішкек территориалдық сайлау комиссиясы Халықтық-демократиялық партия атынан қатысқан үміткерлерді дауысты сатып алды деп сайлаудан шеттетті. 12 мамырда "Эмгек" және "Ақ бата" партиясы да сайлаудан шеттетілді.

XS
SM
MD
LG