Ссылки доступа

Ташкентте ереуілге шыққан жұмысшыларға айлық төленді, компания басшысына айыппұл салынды


Чирчикские рабочие работали на стройке

Шыршық қаласындағы "Водий саркор дизайн" компаниясының басшысына еңбек кодексін бұзғаны үшін әкімшілік айыппұл салынды.

Еңбек министрлігінің баспасөз қызметі таратқан мәліметте компания басшысына салынған айыппұл көлемі айтылмаған.

"Ташкент облысының Пскент ауданында "Водий Саркор Дизайн" компаниясының басшысы Хусанов Зиедулла Сұрхандария және Ферғана облыстарының тұрғындарын Шыршық қаласында тұрғын үй құрылысына тартып, олардың еңбекақысын уақытылы төлемеген. Жұмысшылар наразылық білдірген", - делінген еңбек министрлігінің хабарламасында.

Министрлік мәліметі бойынша, Шыршық қаласы әкімдігінің араласуымен, жұмысшыларға 280 млн сум (26,5 мың доллар) төленді, берешектің қалғанын компания 18 мамырға дейін төлеуге уәде берді.

Бұған дейін хабарланғандай, 11 мамырда әлеуметтік желілерде Шыршық қаласының ондаған жұмысшысы жергілікті әкімдік алдына жиналып, айлық талап еткені туралы видео тарады.

XS
SM
MD
LG