Ссылки доступа

Душанбе мен Худжанд әуежайларында жүздеген жолаушы Ресейге ұша алмай тұр


Қолында Ресейге билеттері бар жүздеген жолаушы Душанбе және Худжанд әуежайларында кедергіге тап болды.

Олар билетті “Северный ветер” компаниясынан сатып алған. Аталған фирма өкілі Миродж Азизов Тәжікстанның азаматтық авиация агенттігі жолаушыларға ұшуға рұқсат бермей отыр деп хабарлады.

Аты-жөнін айтудан бас тартқан Душанбе әуежайының қызметкері Ресейдің "Северный ветер" әуе компаниясының ұшақтары қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейді деді.

Ал Миродж Азизов компанияға екі рет ұшуға рұқсат берілгенін, бірақ 12 мамырда лицензияны қайтарып алғанын жеткізді.

Компания соңғы бір айда Ресейдің Мәскеу, Санкт-Петербург, Қазан және Пермь қалаларына 2 мың жолаушыға билет сатқанын айтады.

Ресейде бір миллионға жуық тәжік мигранты тұрып жатыр. Былтыр коронавирус пандемиясына байланысты екі ел арасында әуе байланысы тоқтаған, тек биыл сәуір айында ғана рұқсат берілген.

XS
SM
MD
LG