Ссылки доступа

Мьянмада әскери режимнің қарсыластарында адам шығыны болды


Мьянманың солтүстік-батысындағы Миндат қаласында әскерилермен болған қақтығыста кемінде бес адам қайтыс болып, ондаған адам жарақат алды. Тағы бес тұрғын қамауға алынды. Бұл туралы Халықаралық француз радиосы хабарлады.

Миндат қаласында 13 мамырда төтенше жағдай енгізілген. 40 мың адам тұратын қалада көтерілісшілердің қозғалысы құрылған. Олар өздері қолдан қару жасаған.

Сенбі күні қалаға келген әскерлерге қарсы тұрып, бірнеше жүк көліктерін өртеген. Армия оларға қарсы артиллерия қолданғаннан кейін көтерілісшілер тоғайға қашуға мәжбүр болған. Олар AFP ақпарат агенттігіне жақында қалаға қайтып оралатынын жеткізген.

Осыған дейін халықаралық басылымдар көтерілісшілер қатарында бұрынғы "Сұлулық ханшайымы" Хтар Хтет де жүргенін хабарлаған. Ол 2013 жылы Таиландта өткен әлем аруы байқауында Мьянма атынан шыққан.

XS
SM
MD
LG