Ссылки доступа

Қырғызстанда дәрігерлер жалақысы қысқартылды. Билік мұны жемқорлықпен күрес деп түсіндіреді (видео)


Қырғызстандағы Отбасы дәрігерлері орталығында қосымша еңбекақы жойылып, бірақ айлығы екі есеге көбейтілгеніне қарамастан, бірқатар қызметкерлер бұрынғыдан да аз айлық алатынын мәлімдеді.

Врачам в Кыргызстане обещали вдвое поднять зарплату, но обманули
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:03:33 0:00

Бішкек қаласындағы №4 ауруханада істеген Бахтияр Абсаматов осыған дейін 15 мың сомнан астам айлық алып келсе, соңғы рет 10 мың сом алғанын айтады.

"Айлық түскеннен кейін ондағы соманы көріп 5% ғана қуанасың. Одан дүкенге барып, айлығыңның жартысын жаратасың. Одан әрі ештеңеге жетпейді. Сосын кімнен қарыз алсам деп ойлайсың", – дейді ол.

Қырғызстанда Отбасы дәрігерлер орталығында істейтіндердің айлығы 100% көтерілгенін президент Садыр Жапаров 9 сәуірде жария еткен. Оған сәйкес, 1 сәуірден бастап отбасы дәрігерлерінің айлығы 100% көбейтілген. Есесіне қосымша төленетін үстемақы жойылған. Үстемақы дәрігерлерге берілетін қосымша төлемдер.

Елдің денсаулық сақтау министрі Алымкадыр Бейшеналиев енді жаңа жүйе бойынша дәрігерлердің айлығы көбейеді деп есептейді.

XS
SM
MD
LG