Ссылки доступа

Мирзияев Тәжікстанға ресми сапары аясында Худжанд қаласына да барады


Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев 10 мауысмда Тәжікстанға ресми сапармен барады. "Азия-Плюс" ақпарат агенттігінің үкіметтегі дереккөзіне сілтеме жасап хабарлауынша, өзбек президентінің көрші елге сапары 12 маусымға дейін созылады.

Мәліметтерге қарағанда, Мирзияев Худжанд қаласына да барады. Оны бұл қалаға Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон ертіп барады.

Өзбекстан президентінің Тәжікстанға сапары кезінде отыздан астам үкіметаралық келісім қабылданады деп жоспарланған. Тәжік және өзбек президенттері осымен төртінші рет ресми кездесу өткізеді.

Өзбекстан президенті алғаш рет Тәжікстанға 2018 жылғы наурызда сапарлап барды. Сол кезде оның бұл сапарын саяси сарапшылар тәжік-өзбек қарым-қатынасындағы "тарихи сапар" деп атады.

XS
SM
MD
LG