Ссылки доступа

"Құмтөр" екі айдан бері басқарусыз, мұздықтар бақылаусыз қалды


Құмтөр алтын кені екі айдан бері басқарусыз жатыр. Жогорку Кенештің 17 мамырдағы кезектен тыс жиналысында "Құмтөр" компаниясының қызметін тексеру жөніндегі комиссияның төрағасы Акылбек Жапаров осылай деп мәлімдеді.

"Жұма күні мұздықтардың қозғалысын бақылайтын жүйе өшіп қалды. Құмтөр екі айдан бері қасқарусыз жатыр. Онда біздің мамандар, жұмысшылардың орта буыны ғана жүр. "Құмтөр Голд Компания" басшылары кетіп қалған", - деді Жапаров.

Депутат Акылбек Жапаров Қырғызстанның бұрынғы президенттері кезінде қанша алтын шетелге шығарылғаны туралы мәліметті жариялады.

"Ақаев кезінде 156 тонна, Бакиев кезінде 68,2 тонна, Атамбаев кезінде 132,6 тонна, Жээнбеков кезінде 52,9 тонна алтын шетелге шығарылған", – деп хабарлады Жогорку Кенеш депутаты.

Жапаров бұрынғы төрт президенттің ешқайсысының Құмтөр мәселесін шешуге саяси қауқары жетпегенін мәлімдеді.

Қырғызстан Құмтөр алтын кенін өндіруден 1,5 млрд доллар алса, кен өндіруші Centerra Gold Inc. 11,5 млрд доллар пайда тапқан. Мұндай мәлімет мемлекеттік комиссия дайындаған фильмде айтылды.

XS
SM
MD
LG