Ссылки доступа

Қырғызстан мен Тәжікстанның шекарашылары үш азаматтан ұстаған


Баткен ауданындағы Ак-Сай ауылында 17 мамырда Қырғызстанның үш, Тәжікстанның үш азаматы ұсталды. Баткен облысының басшысы Абдыкерим Алимбаев Азаттықтың қырғыз қызметіне осылай деп хабарлады.

"Ак-Сай ауылында біздің азаматтар Тәжікстанның үш азаматын ұстады. Олар Қырғызстан жолымен жүрген. Сол уақытта Қырғызстанның үш азаматы Тамдыкқа Ворух арқылы қайтып бара жатқан жолда ұсталды. Екі ел келіссөз жүргізіп жатыр", - деді Алимбаев.

Ак-Сай ауылының басшысы Эркин Жолчиев мәліметті растады. Ол қырғыз азаматтарының жайылымдағы жолда ұсталғанын айтты.

Исфара құқық қорғау органдарының Озоди радиосына хабарлауынша, 17 мамырда таңертең Ворух-Қожа Ало жолында Тәжікстанның екі азаматы ұсталған, кейін Ворухтың қауіпсіздің қызметінің өкілі қамауға түскен. Ол ұсталған азаматтарды босатуға барған.

Озоди радиосы кейін екі елдің ұсталған азаматтары босатылғанын хабарлады.

28-30 сәуірде Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында қарулы қақтығыс болып, екі жақтан ондаған адам қаза тапты.

XS
SM
MD
LG