Ссылки доступа

Әндіжанда "Агробанк" қызметкерлерін демалыста да жұмыс істеуге мәжбүрлейді


Здание «Агробанка» в Ташкенте.
Здание «Агробанка» в Ташкенте.

Коммерциялық "Агробанк" акционерлік банкі жеңілдікпен берілген несиені қайтару үшін қызметкерлерін демалыс күндері де жұмыс істеуге мәжбүрлеп отыр.

Банк қызметкерлері Азаттықтың өзбек редакциясына жүгінді. Банк жұмысшыларының айтуынша, қаржы мекемесінің басшылығы демалыс және мереке күндері жұмыс істету былай тұрсын, несие бойынша берешектерді өз жалақысы есебінен жабуға мәжбүрлеген.

"Агробанктің" әндіжандық бөлімшесінің өкілі қызметкерлердің демалыс күндері де жұмысқа шығатынын растады, бұны ол экономикалық жағдайдың қиындығымен түсіндірді.

– Күнде екі жиналыс болады. Бірінші жиналыс таңғы сағат сегізде басталса, екіншісі кешкі алтыда жиналады. Филиал басшылығы қызметкерлерге қысым жасап, түрлі жолдармен несиені қайтаруын талап етіп отыр. Ауыз бекіткен уақытта да бізге күн бермеді. Банк басшылығы еңбек заңдарын ескермейді, –​ дейді "Агробанк" қызметкері​.

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев 12 мамырда өткен жиналыста несие бөлу және оны қайтару қиын мәселеге айналғанын мойындады. Президент құзырлы органдарға жыл аяғына дейін несиелерді жүз пайыз қайтаруды тапсырған.

XS
SM
MD
LG