Ссылки доступа

Қырғызстан мен Тәжікстан Ворух анклавының шекарасына милиция бекеттерін орнатты


Қырғыздың Ак-Сай ауылы мен тәжіктің Ворух ауылы арасындағы шекараның екі жағында милиция бекеттері орнатылды. Бұған қоса, 18 мамырдан бастап олар шекараны бірге күзетеді. Бұл туралы Қырғызстан ҰҚМК Шекара қызметі хабарлады.

Сағат 7.25-тен бастап Ходжаи Аъло - Ворух және Ак-Сай - Тамдык бағыттары бойынша автожол жұмыс істейді. Қырғызстан мен Тәжікстанның шекарашылары осындай шешім қабылдады. Көрші елдердің шекарашылары Ак-Сай мен Ворух шекарасында кездесу өткізді.

Баткен облысы әкімшілігінің хабарлауынша, қырғызстандықтарды ұрған тәжік азаматтарын жауапқа тарту туралы шешім қабылданған. Бұл шешімді Тәжікстанның Соғды облысының шекара басшылары мақұлдаған.

17 мамырда екі жақтан үш азаматтан ұсталған. Хабарларға қарағанда, Ак-Сай тұрғындары Тәжікстанның үш азаматын ұстап, оларды қырғыз милициясына тапсырған. Тәжік жағы жайылымнан Ворух арқылы қайтып бара жатқан үш қырғыз азаматын ұстаған. Олар қырғыз азаматтарын ұрған. Олар ауруханаға түскен.

28-30 сәуірде Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында қарулы жанжал болып, екі жақтан ондаған адам қаза тапты.

XS
SM
MD
LG