Ссылки доступа

Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасындағы ауылдардың тұрғындары жүріп-тұру қауіпсіздігін қамтамасыз етуін сұрайды


Тәжікстан мен Қырғызстан шекарасындағы аудандардың тұрғындары екі елдің биліктерінен азаматтардың жүріп-тұру қауіпсіздігін қамтамасыз етуді талап етті.

Тұрғындар тәжік-қырғыз шекарасы бойымен созылып жатқан жолда тағы жанжал бола ма деп алаңдайды. Екі елдің өкілдері бұл мәселені 17 мамырда талқылаған, бірақ нақты шешім хабарланбады.

Ворух тұрғындарының айтуынша, Исфараға баратын жол ашық, бірақ оның қауіпсіздігін ешкім қамтамасыз етпейді. Қырғыздың Ак-Сай ауылының тұрғындары да Баткен облысының басшысына осындай талап қойды.

Исфара қаласына баратын жол ресми түрде ашық тұр, бірақ тұрғындар онымен жүруге қорқады.

28 және 29 сәуірде тәжік-қырғыз шекарасында қарулы жанжал болып, соның салдарынан екі жақта ондаған адам қаза тапты.

XS
SM
MD
LG