Ссылки доступа

Қырғыз президенті 24 мамырда Сочиде Путинмен кездеседі


Қырғызстан президенті Садыр Жапаров 24 мамырда Ресей президенті Владимир Путинмен кездесу үшін Сочиге барады. Бұл жөнінде 18 мамырда шетел елшілеріне сенім грамотасын тапсыру кезінде Путин айтты. Дипломаттардың арасында Қырғызстанның Ресейдегі елшісі Гүлнара-Клара Самат та болды.

"Ресей мен Қырғызстан сауда-экономикалық, әскери-техникалық, мәдени-гуманитарлық және басқа да салаларда өзара жақсы қарым-қатынаста. Еуразиялық интеграцияның дамуына атсалысып келеміз. Осы салаларда президент Садыр Жапаровпен 24 мамырда Сочиде кездесу кезінде сөйлесеміз", - деді Путин.

Осының алдында Садыр Жапаровтың баспасөз қызметі мемлекет басшысы халықаралық шараларға қатысу жоспары болғандықтан уақытша қашықтан жұмыс істеуге көшкенін хабарлаған.

XS
SM
MD
LG