Ссылки доступа

Тәжікстан билет бағасын қымбаттатқаны үшін ресейлік екі әуе компанияның рейстеріне тыйым салды


Икром Субхонзода
Икром Субхонзода

Тәжікстан әуебилет бағасын өсіргені үшін ресейлік "Сибирь" және "Северный ветер" әуе компанияларының ұшағын уақытша тоқтатты. Бұл туралы тәжік үкіметіне қарасты Азаматтық авиация агенттігінің басшысы Икром Субхонзода мәлімдеді.

Оның айтуынша, Ресейдің аталған әуе компаниялары осыған дейін келісілген келісімдерді бұзып, билеттерді қымбаттатқан.

"Әуе билеттердің орташа бағасы 6000-8500 сомони деп белгіленген. Бірақ жолаушылардың көбі билеттерді 13-14 мың сомониге дейін қымбаттағанына наразы болып жатыр. Қазір "Сибирь" және "Северный ветер" компанияларына әуежайда ұша алмай қалған азаматтарды тасуға рұқсат бердік. Қалған рейстерге билет бағасы төмендетілгеннен кейін ғана рұқсат беріледі", - деді ол.

Бірақ "Северный ветердің" ресми өкілі билет құны 8 500 сомониден қымбат екенін жеткізді.

"1 маусымнан бастап билет құнын тағы арзандатуды жоспарлап отырмыз. Әзірге қымбат сатылып жатқаны бойынша бізде мәлімет жоқ. Бағаны авиакасса қызметкерлері қымбаттатып жатқан болуы мүмкін", - деді ол.

Осыған дейін Тәжікстанның Азаматтық авиация агенттігі ресейлік әуе компанияларға билет бағасы 8000 сомониден асса, рейстердің ұшуына тыйым салынатынын ескерткен. Икром Субхонзоданың айтуынша, мұндай ескерту "Орал әуе жолдары" және "UTair" әуе компанияларына да берілген.

XS
SM
MD
LG