Ссылки доступа

Әндіжанда прокурор мен жер саудасына қарсы шыққан депутат иммунитетінен айрылды


Фото, как депутата обыскивают во время заседания с Телеграм-канала депутата Олий Мажлиса Расула Кушербаева.
Фото, как депутата обыскивают во время заседания с Телеграм-канала депутата Олий Мажлиса Расула Кушербаева.

"Әндіжанда жер сатушыларды әшкерелеген депутат прокурордың ұсынысымен иммунитеттен айрылды", - деп жазды Олий Мажлис мүшесі Расул Кушербаев телеграмда.

Оның айтуынша, Әндіжан қалалық депутаттар кеңесінің кезекті отырысына құқық қорғау органдарының өкілдері баса-көктеп кіріп келіп, бір топ депутатты тінтіген. Одан соң жер сатушыларды әшкерелеген депутатты иммунитетінен айырған.

"Соған қарағанда, депутат құқықтарын бұзғандар, жер сатушылармен бірлесіп, депутатты түрмеге отырғызғысы келген болуы керек", - деп жазды Расул Кушербаев.

Human.uz сайты адвокат Саидали Мухторалиевтің мақаласын жариялады. Онда иммунитеттен айрылған депутат Ш. Каримов екені айтылған.

Адвокаттың хабарлауынша, иммунитеттен айрылған депутат бұның алдында хокимнің заңсыз шешімдерінің күшін жойып, Әндіжан қаласының прокурорын тексеруден өткізуді талап еткен.

XS
SM
MD
LG