Ссылки доступа

Қырғызстан шекара қызметі: Чон-Алай ауданындағы қырғыз-тәжік шекарасында жағдай тұрақты


Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті Шекара қызметінің хабарлауынша, қырғыз-тәжік шекарасында жағдай тұрақты.

Мәліметтерге қарағанда, 18 мамырда Ош облысының Чон-Алай ауданындағы Унжу-Булак елді мекенінде Қырғызстан мен Тәжікстанның шекарашылары кездескен.

"Кездесуде тараптар шекара жасақтары Унжу-Булак елді мекені маңындағы шекара сызығын күзетпейтін болып келісті. Екі жақтың ортақ келісімінен кейін ғана бірлесіп күзетуге рұқсат беріледі", - деп хабарлады қырғыз шекара қызметі.

Бұның алдында әлеуметтік желілерде Чон-Алай ауданында Қырғызстан мен Тәжікстан арасындағы шекараға техника орнатып жатыр деген мәлімет тараған. Жогорку Кенеш депутаттары үкіметтен ресми жауап талап етті.

Қырғызстан мен Тәжікстанның ортақ шекарасы 970 шақырымға созылып жатыр, соның 519 шақырымының ғана мәртебесі анықталған.

XS
SM
MD
LG